РЕКТОР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ WORKSHOP ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

  • 12.04.2024
  • KZ

image

Университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова Ядролық физика институты  ұйымдастырумен өткен ультра суық (УСН) және өте суық нейтрондардың (ӨСН) көздерін құру, сондай-ақ оларды ССР-Қ ғылыми-зерттеу реакторы негізінде қолдану жөніндегі халықаралық Workshop жұмысына қатысты.

Сондай-ақ дөңгелек үстелге онлайн форматта Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновация мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Ғылым және жоғары білім министрі, ҚР ЭМ атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры, күндізгі форматта ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, ҚР ҰӘҚ және ЭМ өкілдері, АҚШ және Ұлыбритания елшілігі және әлемдегі жетекші нейтрондық ұйымдардың мамандары қатысты.

Төрт күндік Workshop шеңберінде халықаралық мамандар тәжірибелерімен бөлісіп, УСН және ӨСН көздерін әзірлеу және оларды қазіргі және болашақ эксперименттерде қолдану идеялары мен проблемаларын талқылау, сондай-ақ басқа халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастық орнату жоспарлануда. 

Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, УСН және ӨСН көздерін құру бойынша нейтрондардың осы көзін әзірлеу Қазақстанға әлемдік ғылымның эпицентрі болуға мүмкіндік береді.

Ректор Жанар Темірбекова бұл-шара білім мен тәжірибе алмасу, ультра суық нейтрондар саласындағы соңғы жетістіктер мен даму перспективаларын талқылау үшін бірегей мүмкіндік екенін айтты.