❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

ҚАДІР ТҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ ДЕПУТАТТАРМЕН БІРГЕ АУЫЗАШАР ӨТТІ

  • 16.03.2026
  • KZ
  • 814

image

Он екі айдың сұлтаны саналатын қасиетті Рамазан айының  Қадір түні қарсаңында оқу ордамыздың  асханасында ТҮРКПА делегациясының қатысуымен ауызашар дастарханы жайылды. 

Игі шараға ТURKPA делегация мүшелері Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаттары Тахир Акююрек, Филиз Кылыч, Кадим Дурмаз, сонымен қатар TURKPA Хатшылығының Сыртқы байланыстар және протокол департаментінің қызметкері Еркан Дурдулар, TURKPA Комиссиясының хатшысы Кадир Яман, Түркия Республикасының Түркістандағы Бас консулы Левент Гүржан да қатысты.

Университет ректоры Жанар Темірбекова TURKPA Халықаралық ұмйымының делегациясына: «Құрметті қонақтар! Киелі Түркістан жеріне, соның ішінде университетімізге қош келдіңіздер! Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!»-деп, тілегін жеткізді.

Айта кетейік, университетімізде Рамазан айының құрметіне орай 30 күн бойы тегін ауызашар ұйымдастырылып, оған қазақстандық және түркиялық мекемелер мен қайырымдылық қорлары демеушілік етеді.

Ақ дастархан басында бас қосқан ТURKPA делегациясы игі шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ауызашардан дәм татуға мүмкіндік жасап, сый-құрмет көрсеткендері үшін алғыстарын айтты.