❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

УНИВЕРСИТЕТІМІЗ БЕН «ТҮРКІСТАН» ТЕЛЕАРНАСЫ ТЕЛЕМАРАФОН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

  • 16.03.2026
  • KZ
  • 1265

image

Қасиетті Қадір түніне орай университетіміз бен Түркістан телеарнасы ұйымдастыруымен, «Қадір түні және Түркістандағы рухани мұра» атты телемарафон көрерменге жол тартты.

 

Телемарафонның мақсаты – Қадір түнінің діни және рухани маңызын кең аудиторияға түсіндіру, қоғамдағы ауызбіршілік, жанашырлық, кешірім мен өзара құрмет құндылықтарын насихаттау.

 

Телемарафонға университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова, ректор өкілі м.а Нажи Генч және ғалымдары спикер ретінде қатысты.  және оқытушы-профессорлар құрамы спикер ретінде қатысты. 

 

Тікелей эфир барысында ректор Жанар Темірбекова қасиетті Рамазан айында оқу ордамызда жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық және әлеуметтік қолдау шараларына тоқталды. 

 

30 күн ораза бойы университетіміздің қызметкерлері мен студенттеріне арнайы ауызашар ұйымдастырылып, бұл игі іске Қазақстан мен Түркия тарапынан кәсіпкерлер мен ерікті азаматтар қолдау көрсететінін атап өтті. 

 

Сонымен қатар, университет басшылығының ұйымдастыруымен және Түрік Ынтымақтастық және Үйлестіру Агенттігінің (TİKA) қолдауымен жүзеге асқан қайырымдылық бастамалары, оның ішінде азық-түлік қораптарына қатысты әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде әңгіме қозғады.

 

Ал ректор өкілі м.а. Нажи Генч өз сөзінде Қадір түнінің түркі әлемі үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Сонымен қатар ол университетімізде білім алып жатқан түркі жастары арасындағы рухани байланыстың нығаюы – ортақ құндылықтардың сабақтастығын көрсететін маңызды фактор екенін айтты. 

 

Ректор өкілі м.а. Нажи Генч Ясауи бабамыз жатқан қасиетті Түркістан топырағында қызмет етіп жүргенін үлкен мақтаныш санайтынын жеткізді.

Телемарафон мазмұны үш негізгі бөлім бойынша өрбіді. 

 

Алғашқы «Рамазан айы мен Қадір түні: рухани мәні, қоғамдағы бірлік пен мейірім құндылықтары» бөлімде Теология факультетінің доценті, PhD доктор Мұхит Төлегенов Рамазан айының қазақ қоғамындағы дәстүрлік орны, қайырымдылық пен асар дәстүрінің Рамазан рухымен үндестігі, ауызашар мәдениетінің адамдар арасындағы жақындықты арттырудағы рөлі, сондай-ақ қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтудағы рухани құндылықтардың маңызы жөнінде ой бөлісті. 

 

Ал философия докторы, қауымдастырылған профессор (доцент) м.а., Менеджмент және туризм кафедрасының меңгерушісі Алмас Құралбаев Түркістан қаласының түркі әлеміндегі орны ерекше екені, мұнда зиярат етуге келетін туристер санының көптігі және өңірде туризмнің қаншалықты дамып келе жатқаны туралы сөз етті.

 

Айта кетейік, эфир барысында белсенді көрермендерге арнайы сыйлықтар ұсынылды. Олардың қатарында Fakе этно-ресторанының 20 000 теңгелік сертификаты, Түркістан қаласындағы ұшатын театрға екі адамға билет, Yassy қонақ үйіне бір түнге екі адамға арналған жолдама,  «Бөрте» табиғи өнімдері, «Қуаныш базар» ұжымының демеушілік қолдауы бар.

 

Телемарафон барысында әр бөлім аясында қойылған сауалдар төңірегінде спикерлер діни-рухани құндылықтар, тарихи сабақтастық, мәдени мұра, ұлттық бірегейлік және қоғамдық келісім мәселелерін жан-жақты талқылады.