СТУДЕНТТЕРДІҢ XХХІI ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

  • 27.11.2023
  • KZ

image

Бүгін университетіміздің факультеттерінде XХХІI Студенттік ғылыми-теориялық конференциясы басталды.

Конференцияның басты мақсаты – ғылыммен айналысуға деген ынтасы бар өрендеріміздің осы сан қырлы соқпағы бар ғылым жолына басатын алғашқы қадамдарына қолдау жасау, көмектесу. Әр секция бойынша өз баяндамаларын жасайтын студенттеріміздің ғылыми жұмыстарына белгілі ғалымдарымыз жетекшілік жасайды.

Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі студенттер конференциясының секциялық мәжілістері 7 желтоқсанға дейін жалғасады.

Студенттер конференциясында жалпы 32 секция жұмыс істейтін болады. Ғылыми жиынға 900-ге жуық студент қатысып, олардың тың ізденістерінен тұратын баяндамалар тыңдалады деп күтілуде.

Секциялар бойынша үздік деп танылған баяндамалар марапатталып, университеттің «Жас ғалым» жинағында жарияланады.