❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

ЧАНАККАЛЕ ЖЕҢІСІНЕ 111 ЖЫЛ ТОЛДЫ

  • 18.03.2026
  • KZ
  • 1115

image

Бүгін Түркия тарихында елеулі орны бар Чанаккале жеңісіне – 111 жыл толды. Оқу ордамызда жылдағы дәстүр бойынша бауырлас ел Түркия Республикасының ұлы жеңіс күніне байланысты салтанатты жиын өтті. 

 

Әуелі Чанаккале шайқасында қаза болған жауынгерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының жарқын сәттерін, ерлігін еске алды. Бір минут үнсіздіктен соң, Қазақстан жәнеТүркия Республикаларының мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

 

Жиынды ашып беру үшін алғашқы сөз тізгінін алған университет ректоры Жанар Темірбекова:«Құрметті әріптестер! Ардақты қонақтар! Түркістан төрінде орналасқан оқу ордамызда тек екі елге ғана емес, күллі түркі әлеміне ортақ құндылықтарды дәріптейтін маңызды шаралар жиі өткізіледі. Бүгінгі күн – тек Түркия үшін емес, барша түркі халықтары үшін маңызы зор тарихи күн.

 

Біз Түркия Республикасына баратын студенттер мен оқытушылардың сапарлары кезінде Өкілетті Кеңес басқармасына: «Егер мүмкіндік болса, университеттен барған қонақтарды Чанаккале жеріне апарып, сол жерде жазылған қаһармандық дастанын таныстырыңыздаршы»,-деп өтініш айтамыз. Себебі бұл мекен Түркия тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді», – деді.

 

Сонымен қатар ректор оқу орнының Қожа Ахмет Ясауи есімімен аталуының мәніне тоқталып, екі ел арасындағы бауырластық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға шақырды.

 

Сонымен қатар ректор оқу орнының Қожа Ахмет Ясауи есімімен аталуының мәніне тоқталып, екі ел арасындағы бауырластық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға шақырды.

 

Жиын барысында қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевтың Анадолы жерінде ерлік көрсеткен түркі халқына арнаған  өлеңін оқып берді.

 

Құттықтау сөз кезегін алған ректор өкілі м.а Нажи Генч: «Бүгін — Чанаккаленің жеңісіне 111 жыл толуын, Түркістан жерінде атап өтіп жатқанымызға қуаныштымыз! Бұл жеңістің тарихы тереңде жатыр. Бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, біз бұл ерлікті ұмытпай, қаза тапқан батырларды жыл сайын құрметпен еске аламыз. Оларға деген алғысымыз шексіз», – деді.

 

Шара аясында «Тыныштықтың дауысы» атты театрландырылған қойылым сахналанып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

 

Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, қазақ және түрік әндері бейбіт күннің, тәуелсіздіктің мәртебесін одан әрі арттырды.