❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

«Христиан діни наным-сенімдері»

  • 18.03.2026
  • KZ
  • 519

image
 

Теология факультеті Дінтану кафедрасының оқытушысы Адиева Лаззат ханымның «Христиан діни наным-сенімдері» тақырыбындағы ашық сабағы жоғары ғылыми-теориялық және әдістемелік деңгейде өткізілді.

Сабақ барысында студенттердің тақырыпты тек теориялық тұрғыда ғана емес, тәжірибелік негізде меңгеруіне ерекше мән берілді. Атап айтқанда, студенттердің шіркеуге барып, христиан дінінің наным-сенімдері мен ғибадат ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде танып-білуі олардың танымдық белсенділігін арттырып, тақырыпты терең түсінуіне мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, сабақ соңында студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын ынталандыру мақсатында Жахангир және Мұхит мырзалардың «Имам Матуриди және Қазақ ойшылдары» атты кітабы табысталды.

Ашық сабақты мазмұнды әрі сапалы ұйымдастырғаны үшін оқытушыға шынайы алғыс білдіреміз!