Академиялық ұтқырлық аясында шетелден келген профессор дәріс өткізді



Мехмет Экиз, профессор (Prof. Dr.), Нигде Халисдемир университеті атынан 04.03.2026–18.03.2026 аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келді. Ол Туркия елінен келіп, тарих бағыты бойынша дәріс жүргізді. Профессор 1-курс студенттеріне «Ежелгі дүние тарихы: Азия» пәнінен сабақ өтті. Сабақтың негізгі тақырыбы қола дәуірі мәдениеттеріне арналды. Дәріс барысында Азиядағы ежелгі тайпалардың мәдени дамуы, шаруашылығы және қоғамдық құрылымы қарастырылды.
Бұл академиялық ұтқырлық студенттердің тарихи білімін тереңдетіп, халықаралық тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.