❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫНА БУХАРА МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

  • 26.03.2026
  • KZ
  • 1057

image

Түркі әлемі географтарының III Халықаралық конгресі аясында Бухара мемлекеттік педагогика институты Ғылыми кеңесінің тиісті шешіміне сәйкес, оқу орнымыздың Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мухиттин Шимшек және университет ректоры Жанар Темірбекова «Бұхара мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры» атағына ие болды.

Мәртебелі атақ иелеріне диплом мен арнайы белгі салтанатты жағдайда табысталды. Бұл шешім — университет басшылары мен ұжымның ғылым мен білім беру саласындағы елеулі жетістіктеріне, сондай-ақ Түркі әлеміндегі халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесіне берілген жоғары баға.

Аталған марапат университетаралық байланысты нығайтуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп дамытуға және білім беру кеңістігіндегі интеграциялық үдерістерді ілгерілетуге бағытталған өзара сенім мен серіктестіктің нәтижесі ретінде ерекше маңызға ие.