❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

УНИВЕРСИТЕТ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ БУХАРАДА ӨТІП ЖАТҚАН ТҮРКІ ӘЛЕМІ ГЕОГРАФТАРЫНЫҢ III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

  • 26.03.2026
  • KZ
  • 1011

image

2026 жылғы 25–27 наурыз аралығында Бухара мемлекеттік педагогика институты базасында өтіп жатқан Түркі әлемі географтарының III Халықаралық конгресі өз жұмысын жоғары деңгейде бастады. 

Аталған халықаралық форумға университетіміздің  басшылығы бастаған делегациясы қатысуда. Делегация құрамында Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек, ректор Жанар Темірбекова, вице-ректор Мустафа Гиритлиоглу, сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамы бар .

Айта кету керек, түркі әлемінің географтары бас қосатын бұл  халықаралық форумның алғашқы конгресі біздің университет базасында ұйымдастырылса, екінші конгресс  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабырғасында табысты өтті. Осылайша, дәстүрлі сипат алған ғылыми жиын биыл Бухара қаласында жалғасын табуда. 

Халықаралық ғылыми іс-шара — география ғылымының өзекті мәселелерін талқылауға, ғылыми қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды алаң. Конгресс жұмысына Түркі әлемінің жетекші жоғары оқу орындарының басшылары мен жүзге жуық ғалым қатысуда. Олар тұрақты даму, жаһандық климаттың өзгеруі, экологиялық мәселелер және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану сияқты қазіргі заманның маңызды тақырыптары бойынша пікір алмасады. 

Форум аясында ғылыми пікірталастар ұйымдастырылып, қатысушылар өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп жатыр. Бұл өз кезегінде география саласындағы өзекті мәселелерді кешенді түрде қарастыруға және ортақ шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді. 

Конгресс өзара тәжірибе алмасу мен халықаралық байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін тиімді диалог алаңына айналды. Түркі әлемі географтарының бұл басқосуы бауырлас елдердің ғалымдарын біріктіріп, ортақ географиялық, экологиялық және туристік мәселелерді талқылауға жол ашады. 

Іс-шара аясында тұрақты даму, климаттың өзгеруі, экологиялық қауіпсіздік, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және өңірлік даму мәселелері жан-жақты қарастырылып, ғылыми зерттеулерді дамыту, білім беру жүйесіне инновациялық тәсілдерді енгізу және халықаралық академиялық байланыстарды нығайту бойынша нақты ұсыныстар әзірленуде.

Аталған конгресс ғылыми қауымдастық арасындағы өзара ықпалдастықты арттырып, жаңа бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға серпін беретін маңызды халықаралық платформа ретінде маңызға ие.