Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай Ғылым айлығының басталғанын қуанышпен хабарлайды!
Аталған айлықтың мақсаты – ғылымның қоғамдағы маңызын арттыру, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, жас ғалымдарды қолдау және ғылыми әлеуетті нығайту.
Айлық аясында: • Халықаралық және республикалық конференциялар • Ғылыми симпозиумдар мен конгрестер • Ғылыми семинарлар сериясы • Дөңгелек үстелдер • Жас ғалымдарға арналған іс-шаралар жалпы 30-дан астам ғылыми іс-шара халықаралық сарапшылар мен ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырылады.
Баршаңызды Ғылым айлығына белсенді қатысуға шақырамыз!