«Сыбайлас жемқорлықсыз жаңа Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы өтті



2026 жылғы 31 наурыз күні Филология факультеті Түрік филологиясы кафедрасының меңгерушісі С. Утебековтің ұйымдастыруымен рухани-адамгершілік бағыттағы «Сыбайлас жемқорлықсыз жаңа Қазақстан» тақырыбындағы эссе байқауының қорытындысы жарияланды.
Аталған байқау 2026 жылдың 20 ақпаны мен 15 наурызы аралығында өтті. Байқауға қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жазылған жалпы саны 64 эссе ұсынылды. Қатысушылар өз жұмыстарында адалдық, жауапкершілік, әділдік құндылықтарын негізге ала отырып, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін жан-жақты талдап, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Қазылар алқасының шешімімен үздік жұмыстар анықталып, арнайы алғыс хаттармен марапатталды:
І орын – Елдеева Шұғыла
ІІ орын – Алимжанова Диана
ІІІ орын – Карибай Әсем
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз.