❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

«ЯСАУИ ЖҮРЕГІМДЕ»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АКУСТИКАЛЫҚ ӘН КЕШІ ӨТТІ

  • 08.04.2026
  • KZ
  • 581

image

 

Университетте Жастар саясаты департаменті мен Студенттік парламенттің ұйымдастыруымен «Ясауи жүрегімде» атты акустикалық ән кеші өтті.

 

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, түрлі халық өкілдері арасындағы достықты нығайту және жастардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

Ақын шабытынан өлең боп туып, сазгерлердің үн қосуымен үйлескен тамаша әндер бүгін тағы да өзінің орындаушысын тапты. Университетте түрлі іс-шарада өнер көрсетіп жүрген жас өрендеріміз бұл жолы да өнерде шекара болмайтынын дәлелдеді.

 

Акустикалық кеште студенттер бірнеше тілде жанды дауыста ән орындап, халықаралық университет мәртебесін асқақтатты. Әндер музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен шырқалып, кештің көркін аша түсті.

 

Сондай-ақ, студенттер ырғақты ұйқасқа құрылған ақын өлеңдерін нақышына келтіріп оқып, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.

 

Кеш барысында әнші мен тыңдарман арасында ерекше рухани байланыс орнап, залды жылы атмосфераға бөледі.

 

Айта кетейік, «Ясауи жүрегімде» ән кеші бұған дейін Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған еді. Екінші рет өткізіліп отырған ән кешінде де өнерпаздар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әуезді ән мен музыкалық аспаптардың үні жүректерге жылылық сыйлап, терең ойға батырды.