❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы

  • 08.04.2026
  • KZ
  • 194

image

Көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті “АЙ” дәрігерлік амбулаториясында ерекше сән-салтанатымен аталып өтті.
Ақ дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылып, әріптестер бір-біріне ақжарма тілектерін арнады.

Бұл мереке – тек көктемнің келуі ғана емес, жүректерге жылулық сыйлап, адамдарды жақындастыратын ерекше күн. Ұжым мүшелері үшін бұл күн көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсерге толы болды.

Наурыз мейрамы мерекесі барысында ұжым мүшелері ұлттық киім киіп, қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптеді. Әсем ою-өрнектермен көмкерілген киімдер мерекенің сәнін келтіріп, ерекше атмосфера сыйлады.