Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының шақырылған оқытушыларының қатысуымен дәріс ұйымдастырылды
Академиялық ұтқырлық пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында университетіміздің резиденттері мен интерндері үшін Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының шақырылған оқытушыларының қатысуымен дәріс ұйымдастырылды.
Профессор Самадов Баходуржон Шарипович «Клиникалық фармакология» бағыты бойынша мазмұнды дәрістер циклін ұсынып, клиникалық тәжірибеде фармакотерапияны қолданудың заманауи тәсілдеріне, дәрілік заттардың қауіпсіздігі мәселелеріне және пәнаралық өзара ықпалдастықтың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Дәріс барысында білім алушылар өздерінің теориялық білімдерін тереңдетіп қана қоймай, өзекті клиникалық жағдайларды талқылап, тәжірибелік тұрғыдан маңызды сұрақтарына білікті шетелдік маманнан жан-жақты жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
Шақырылған профессорға жоғары деңгейдегі оқыту шеберлігі мен білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғысымызды білдіреміз.