❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ: ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР 80 ТҮП АҒАШ ЕКТІ

  • 10.04.2026
  • KZ
  • 708

image

Бүгін университетте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көгалдандыру шарасы өтті.
Іс-шара барысында университеттің ботаникалық бағына Самарқанд өрігінің 80 түп көшеті егілді.

Игі бастамаға Жаратылыстану ғылымдары факультеті мен Биология кафедрасының оқытушы- профессор құрамы, 100-ден астам студенті, сондай-ақ Экология ғылыми-зерттеу институтының мамандары атсалысты.

Аталған акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыру.

Қатысушылар халқымыздың «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын негізге алып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты.

Осылайша жасыл бастама жалғасын тауып, ұйымдастырушылар экологиялық эстафетаны Өнер, медиа және дизайн факультетіне жолдады.