ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЖАРҚЫН ЖЕҢІС



Алматы қаласында өткен жеңіл атлетикалық кросс бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында U20 (20 жасқа дейінгілер) санатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Спорт факультеті, дене мәдениеті кафедрасы “Дене шынықтыру және спорт” мамандығының білімгері Абылхан Ұлданай І орын иеленді.
5000 метр қашықтықта сынға түскен Ұлданай жарыс барысында жоғары шеберлік пен төзімділіктің үлгісін көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесіп өтіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Осы айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз!