❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП – БАСТЫ ТАЛАП: ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

  • 10.04.2026
  • KZ
  • 647

image

Университетімізде шетелдік 1-курс студенттеріне арналған құқықтық кеңес семинары өтті. Басқосуда мамандар құқықтық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиын модераторы Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов болды.

«Оқу ордамызда түркі дүниесі жастары бас қосқан. Қазіргі таңда 1000-нан астам шетелдік студентіміз бар. Қай елде болмасын баршаға ортақ, бәрі бағынатын заң мен тәртіп бар. Бүгін біз шетелдік студенттерге құқықтық кеңес беру үшін жиналдық. Сіздер үшін құзырлы органдардың қызметкерлері арнайы келді»,-деді вице-ректор.

Ең алдымен, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Криминалистика бөлімінің бас криминалисті Қайырхан Мустафаев департамент қызметін таныстырды. Сондай-ақ, студенттерге заңсыз ақша аударымдары, дропперлік, заңсыз ақша айналымы сынды құқық бұзушылық әрекеттер жөнінде ақпарат берді. Дропперлер қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп, мысалдар арқылы көрсетті.

Келесі кезекте, Көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Гүлзейнеп Қаражігітова виза тәртібі мәселесіне кеңінен тоқталды. Елімізде тек білім алу мақсатында виза алған студенттерге тәртіп бұзбау, жұмыс істемеу сияқты талаптарды атап, түсіндірді.

Ал Түркістан қалалық Полиция басқармасының полиция майоры Құрбанбай Сламов шетелдік студенттердің құқықтары жөнінде тың ақпарат берді. Студенттерді Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтауға шақырды. Құқық бұзушылық әрекеттерден аулақ болып, тәртіпке бағынудың маңызын жеткізді.

Жиын соңында қатысушы студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сала мамандарынан жауап алды.