Филология факультетінде университетішілік кітап оқу байқауы өтті



2026 жылғы 10 сәуір күні Филология факультетінің «Ағылшын филологиясы және аударматану кафедрасының» оқытушыларының Құрбан Аружанның мен Кавак Энестің ұйымдастыруымен университетішілік «Book Reading Competition» байқауы өтті. Шараның басты мақсаты — студенттер арасында көркем әдебиетті насихаттау және оқуға деген қызығушылықты арттыру.
Байқауға барлық мамандықтардан жиналған кітап сүйер қауым қатысып, Джон Гриннің түпнұсқа тіліндегі (B2–C1 деңгейі) «The Fault in Our Stars» туындысы бойынша білімдерін сынады. Сайыс төрт кезеңнен тұрды:
Қазылар алқасы мен ұйымдастырушылардың шешімімен жеңімпаздар анықталып, ақшалай сыйлықтармен, кітаптармен және арнайы сертификаттармен марапатталды:
І орын – Азаматова Милана
ІІ орын – Слан Назерке
ІІІ орын – Абдумуталипова Ирода
Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық студенттерге қатысушы сертификаттары табысталды. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! Осындай іс-шаралар университетіміздің әдеби ортасын жандандырып, студенттерді жаңа белестерге жетелей беретініне сенімдіміз.