❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

Студент жетістігі – мақтанышымыз

  • 21.03.2026
  • KZ
  • 878

image

Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің «Тарих және қоғамтану (IP)» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Кулахмедова Асель Абдуразаковна халықаралық деңгейдегі байқауда жоғары жетістікке қол жеткізді.

Аталған байқау «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы мен Білім инновация орталығының ұйымдастыруымен өтті (ұйымдастырушы директор – Сәлімгерей Б.Н.). Халықаралық форум аясында келесі бағыттар бойынша үш байқау ұйымдастырылды:

  • «Қазақстанның үздік студенті» 
  • «Орта Азияның үздік студенті» 
  • «ТМТ магистранты» 

Байқауға өтінімдер 1–15 ақпан аралығында қабылданды. Қатысушыларға келесі талаптар қойылды:

  • оқу орнындағы жетістіктерін жинақтап, файл түрінде ұсыну; 
  • жеке портфолио әзірлеу; 
  • үш тақырып бойынша эссе жазу (антиплагиат тексерісінен өткізіледі). 

Байқаудың екінші кезеңі Астана қаласында деңгейлік сұрақтар негізінде өткізілді. Қорытынды кезең 21 наурыз күні сағат 11:00-де Астана қаласы, Дінмұхаммед Қонаев көшесі, 4 мекенжайында орналасқан «Қазмедиа» орталығында өтті.

Нәтижесінде Кулахмедова Асель Абдуразаковна халықаралық I дәрежелі дипломмен марапатталып, «Орта Азияның ең үздік студенті» атағын иеленді. Сонымен қатар арнайы төсбелгі, куәлік және «Орта Азияның ең үздік студенті» статуэткасы табысталды. Жетекшісі аға оқытушысы Phd Салғараев Маратқа, сондай-ақ студенттің ата-анасына алғыс хаттар берілді.

Осы жетістігіне орай факультет деканы Phd, доцент А. Құралбаева құттықтау тілегін білдіріп, алғысын жеткізді. Сонымен қатар студентке алдағы уақытта да толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.

Бұл жетістік – білім алушының ғана емес, оқу орнының да абыройын арттыратын маңызды нәтиже.

Сонымен қатар, Қазақстан жоғары оқу орындары халықаралық деңгейде өз орнын нығайтып келеді. QS Asia University Rankings рейтингісінде Орталық Азия елдері арасында Қазақстан қатысу аясын айтарлықтай кеңейтті. Аталған рейтингке енген 112 университеттің 44-і – қазақстандық жоғары оқу орындары. Салыстырмалы түрде, Өзбекстаннан – 22, Қырғызстаннан – 6, Тәжікстаннан – 1 университет енгізілген.