❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

Теология факультетіне Erasmus+ халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Абдулла Тоха Йылдыз 13–18 сәуір аралығында тәжірибе алмасу мақсатында келді.

  • 13.04.2026
  • KZ
  • 199

image

Теология факультетіне Erasmus+ халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Абдулла Тоха Йылдыз 13–18 сәуір аралығында тәжірибе алмасу мақсатында келді.

Қонақ ғалым Кютахья Думлупынар университеті тарапынан келіп, факультет студенттеріне дәріс оқып, академиялық тәжірибесімен бөлісуде.

Бүгін ол факультеттің басшылық құрамымен танысты. Кездесу барысында факультет деканы С. Абжалов Теология факультетінің қызметі, білім беру бағдарламалары және оқу үдерісі туралы жан-жақты ақпарат беріп, факультет жетістіктерімен таныстырды.

Аталған сапар – халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.