«Осман мемлекетінің ислам тарихындағы орны»
Erasmus+ халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында факультетімізге арнайы келген доктор Абдулла Тоха Йылдыз студенттерге «Осман мемлекетінің ислам тарихындағы орны» тақырыбында мазмұнды семинар өткізді.
Семинар барысында Осман мемлекетінің ислам өркениетіндегі тарихи рөлі, саяси және рухани ықпалы, сондай-ақ мұсылман әлемінің дамуына қосқан үлесі жан-жақты талқыланды. Доктор Абдулла Тоха Йылдыз тақырыпты ғылыми тұрғыда терең түсіндіріп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар берді.
Аталған семинарға факультеттің профессор-оқытушылар құрамы да белсенді қатысып, ғылыми пікір алмасу алаңына айналды. Семинар соңында профессор Жасым Авжы мен PhD., доцент Нурматов Жахангир өз ой-пікірлерін білдіріп, Түркиядан келген қонақ ғалымға шынайы ризашылықтарын жеткізді.
Жалпы, семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің тарихи-танымдық білімін арттыруға мүмкіндік береді.