СПОРТШЫ ҚЫЗДАРЫМЫЗ ЕЛ КУБОГІНДЕ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

  • 27.11.2023
  • KZ

image

Абай облысы Семей каласында самбо жане жауынгерлік самбодан ересектер арасында Қазақстан кубогі сарапқа салынды. Ел кубогінде әйелдер арасындағы белдесулер өте тартысты өтті. Бұл сында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Әбдісадық Халилаев шәкірттері үздіктер тұғырынан көрінді.

Қабанбай батыр Мемориалында өткен күрес бәсекесінде түркістандық бұрымдылардың мерейі үстем болды.+ 80 келіде Нұрила Асанқызы барлық қарсылартарынан мықты деп танылып, алтынаннан алқа тағынды. Ал, 54 келіде Айман Ибрагимова күміс алқаны жеңіп алды. Сондай-ақ, қола жүлде салған балуан қыздар арасында 54 келіде Шахноза Абдуқадырова, 80 келіде Ұлбосын Адиловалар да бар. Осылайша Түркістан облысының әйелдер құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальді иеленіп, жалпы команда бойынша І-орыннан көрінді.