АЙМАҚТЫҚ СТУДЕНТТІК СПОРТ ЛИГАСЫ: БАСКЕТБОЛШЫ ҚЫЗДАР КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

  • 22.04.2024
  • KZ

image

Университетіміздің қабырғасында өтіп жатқан ЖОО арасындағы «Студенттік спорт лигасы» оңтүстік аймақтық ойындарының кезекті жарыстарының жеңімпаздары анықталды.

Бұл жолы жарыс жолына баскетболшылар мен үстел теннисінің шеберлері шығып, өзара мықтыны анықтады. 

Сайыс нәтижесінде оқу орнымыздың баскетболдан қыздар құрамасы өз тобында үздік атанып, Студенттік спорт лигасының республикалық кезеңіне жолдама алды. Сондай-ақ, екінші жолдама Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қыздарына бұйырды.

Ал баскетболдан ұлдар бәсекесінде М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері үздік атанды.

Сондай-ақ, үстел теннисі жарысының жеңімпаздары анықталды. Шымкент университеті мен Халықаралық туризм және меймандостық университетінің қыздар құрамасы қарсыластарынан оқ бойы озық болып, жеңіске жетті. Ерлер арасында Академик А.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті мен Орталық азия инновациялық университетінің студенттері келесі кезең жолдамасына ие болды.