АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ АШЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

  • 23.04.2024
  • KZ

image

Бүгін университетімізде Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының қабылданғанына 75 жыл және Қазақстанның Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауына 30 жыл толуына орай, Экономика, басқару және құқық факультетінің ұйымдастыруымен ашық семинар өтті.

Ғылыми конференцияға Өзбекстан Республикасы Ташкент мемлекеттік заң университетінің ғалымдары және факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен магистранттар, докторанттар және студенттер қатысты.

Семинар мақсаты – Адам құқықтары мен бостандықтарын және олардың маңыздылығын барынша ашық насихаттау, оларды адамзат баласының ең құнды байлығы екендігін дәріптеу және осы саладағы негізгі мәселелерді талқылау.

Жиында алғаш болып, заң ғылымдарының кандидаты, ТМЗУ Конститутциялық құқық кафедрасының доценті, құқықтық мемлекет жөніндегі халықаралық сарапшы Серікбек Мұратаев  «Адамның табиғи құқықтарына заманауи көзқарастар» тақырыбында баяндама жасады.

Сарапшы өз баяндамасында адам құқықтары бойынша: өмір сүру құқығы, еркіндік құқығы мен меншік құқығы, сөз бостандығы сияқты т,б құқықтық негіздері жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Келесі кезекте, Ташкент мемлекеттік заң университетінің ғалымдары: Әлеуметтік мемлекеттің конституциялық-құқықтық негіздері, Цифрлық дәуірдегі құпиялылық құқығы, Өзбекстанның ұлттық құқықтық тәжірибесінде балаларды зорлық-зомбылықтан құқықтық қорғау және оларды қамтамасыз етудің кейбір аспектілері, Құқықтық сана және құқықтық мәдениет мәселелерінің өзектілігі сынды өзге де маңызды тақырыптарды көтерді.

Жиын соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, пікірлерін ортаға салды. Ал, баяндама жасаған қонақтар мен ғалымдарға университет атынан сертификаттар мен арнайы сый-сияпаттар табысталды.