КІТАПХАНАДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ «КОВОРКИНГ АЙМАҚ»  АШЫЛДЫ

  • 23.04.2024
  • KZ

image

Бүгін, 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай, университетіміздің кітапханасында жаңа форматтағы «Коворкинг аймақтың»  ресми ашылу рәсімі өтті.

Кітапхана – бұл тыныш, жеке оқуға және өзін-өзі дамытуға, кездесулер мен командаларда жұмыс істеуге, бейресми қарым-қатынас пен идеялармен бөлісуге арналған кеңістік. Сол себептен де университет басшылығының  қолдауымен кітапханада орнаналасқан «Коворкинг аймағын» қайта жаңарту мақсатында  жұмыстар жүргізілді. Жаңа  жиhаздармен жаңартылып,  жаңа форматта безендіріліп  қайта ашылды. 

Ашылу салтанатына  университет ректоры Жанар Темірбекова бастаған басшылық құрам мен  оқытушы-профессорлар, білімгерлер  қатысты. 

Ректор жаңадан жасақталған коворкинг аймақ оқырмандарға ыңғайлы және жайлы болатынына сенім білдіріп, жиналған қатысушыларды құттықтады.

Жаңа коворкинг орталықтың ашылуына Өзбекстан Республикасы Ташкент мемлекеттік заң университетінің ғалымдары да аранйы қатысып, университет кітапханасына естелік сыйлығын ұсынды.

Сонымен қатар, кітапхана ұжымы «Экономика, басқару және құқық» факультетінің экономика  саласы бойынша жаңа кітаптары түсуіне байланысты «Ақпарат күні» өткізді.