❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

Өнер Сейілхан «Bosphorus» турнирінің жеңімпазы атанды!

  • 05.04.2026
  • KZ
  • 157

image

Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен бокстан 34-ші Ахмет Жомерт атындағы халықаралық турнирде ел намысын қорғаған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Спорт факультетіне қарасты Дене мәдениеті кафедрасының МДШ-412 тобының студенті Өнер Сейілхан алтын жүлдеге қол жеткізді.

80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы финалда украиналық Джамал Кулевтен басым түсіп,турнир жеңімпазы атанды. Аталған беделді додаға Австралия, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Молдова, Румыния, Сербия, Украина және Грузия елдерінің үздік боксшылары қатысты.

Жеңісіңіз құтты болсын!
Көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін!