❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

Еліміздің тарихи орындарына саяхаттау» (Арыстанбаб, Отырар)

  • 20.04.2026
  • KZ
  • 227

image

Рухани адамгершілік тәрбие бағыты «Таза Қазақстан» бойынша

«Еліміздің тарихи орындарына саяхаттау» (Арыстанбаб, Отырар) атты ашық тәрбие сағаты

Ұйымдастырушылар: ҚБФ-1, ҚБГ-1 тәлімгері У.Смагулова,

                                        ҚББ-1, ҚБИ-1  тәлімгері .Полатбекова

Мазмұны: Тәрбие сағаты Арыстанбаб, Отырар музейіне және Отырар қалашығына саяхаттан басталды. Топ тәлімгерлері тыңдаушыларды тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырды. Қазақстанның киелі тарихи орындарының бірі – Арыстанбаб кесенесі мен ежелгі Отырар қалашығы туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар Отырар қаласының көне өркениет орталығы болғаны, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқаны айтылды. Тыңдаушыларға Отырар өңірінен шыққан ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фараби туралы қысқаша ақпарат берілді. Саяхаттың танымдық маңызы түсіндірілді.

Тыңдаушылар  Арыстанбаб пен Отырар туралы өз білімдерімен бөлісіп, тарихи орындардың маңызы туралы пікір білдірді. «Таза Қазақстан» бағыты бойынша тыңдаушылар Арыстанбаб кесенесінің айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді.