❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

Теология факультетінде әдістемелік семинар өтті

  • 20.04.2026
  • KZ
  • 204

image

Теология факультетінде әдістемелік семинар өтті

2026 жылғы 20 сәуірде Теология факультетінде философия ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Шадинова Г.А. «Этика пәнін Coursera платформасына енгізу тәжірибесі: әдістемелік және практикалық қырлары» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.

Семинар барысында цифрлық білім беру кеңістігінде этика пәнін оқытудың заманауи тәсілдері жан-жақты талданып, Coursera платформасын оқу үдерісіне тиімді енгізудің нақты жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, білім алушылар тарапынан белсенді қызығушылық танытылып, мазмұнды пікір алмасу өрбіді.

Семинар соңында Философия кафедрасының меңгерушісі Шылмамбетов Саян мырза өз пікірін білдіріп, іс-шараның өзектілігі мен жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, ұйымдастырушыға алғысын жеткізді.

Осындай мазмұнды әрі тағылымды семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Гүлзира ханымға шынайы алғысымызды білдіреміз!