❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

РЕСМИ АҚПАРАТ

  • 21.04.2026
  • KZ
  • 181

image

2026 жылғы 20 сәуірде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультетінде «6D030100 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін БЕРДЫБАЕВ НУРЖАН МАХСАТБАЕВИЧТІҢ

«Қазақстан Республикасының қатысуындағы халықаралық университеттердің қызметін құқықтық реттеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының алдын-ала қорғауы өтті.

Диссертациялық жұмыс Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.

Ғылыми кеңесшілер:
– Тлепина Шолпан Валерьевна – заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
– Битемиров Қайрат Тұрлыбайұлы – заң ғылымдарының кандидаты, PhD, доцент, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті

Шетелдік ғылыми кеңесші:
– Өмер Өзкан – PhD, профессор, Ялова университеті (Түркия)

Ресми рецензенттер:
– Қожамбеков Д.Р. – PhD, Конституциялық құқық және азаматтық құқық кафедрасының аға оқытушысы
– Ибраев Ж.Ғ. – PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультетінің ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары

Алдын-ала қорғау барысында диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері баяндалып, ресми рецензенттер мен қатысушылар тарапынан ғылыми негізделген пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Зерттеу жұмысының өзектілігі мен ғылыми маңыздылығы атап өтілді.

Ізденушіге алдағы ресми қорғау кезеңінде табыс тілейміз.