ҚАРАҚАЛПАҚСТАН МЕДИЦИНА ИНСТИТУТЫНЫҢ ДОЦЕНТІ АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІК АЯСЫНДА



ҚАРАҚАЛПАҚСТАН МЕДИЦИНА ИНСТИТУТЫНЫҢ ДОЦЕНТІ АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІК АЯСЫНДА
2026 жылғы 20 сәуір – 3 мамыр аралығында Қарақалпақстан медицина институтының «Өзбек тілі, тілдер және әлеуметтік пәндер» кафедрасының доценті Пірниязова Турдыгүл Өмірзаққызы академиялық мобильдік бағдарламасы аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне қызметтік іссапармен келді.
Іссапар барысында ғалым Дінтану кафедрасында өз бағыты бойынша студенттерге лекциялар оқып, тәжірибелік сабақтар өткізеді. Сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды дамыту мен педагогикалық шеберлікті жетілдіруге бағытталған семинар-тренингтер ұйымдастыру жоспарланған.
Бағдарлама аясында қонақ университеттің профессор-оқытушылар құрамымен танысып, оқу үдерісі, студенттерге жасалған жағдайлар мен мүмкіндіктерді зерделейді.
Аталған іссапардың басты мақсаты – екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және халықаралық академиялық мобильдікті дамыту.
Қазіргі уақытта оқытушының іссапары жоспарға сәйкес жалғасуда.