❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

Ғылыми семинар: «Орыс ориенталистерінің Құран зерттеулері (Л. Климович мысалында)»

  • 22.04.2026
  • KZ
  • 198

image

Ғылыми семинар: «Орыс ориенталистерінің Құран зерттеулері (Л. Климович мысалында)»

Теология факультеті Теология кафедрасының PhD, доценті Нұрматов Жахангир студенттерге арнап
«Орыс ориенталистерінің Құран зерттеулері (Л. Климович мысалында)» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Семинар барысында оқытушы ориенталист ғалымдардың Құранды зерттеу ерекшеліктерін терең ғылыми тұрғыда түсіндіріп, олардың әдіснамалық ұстанымдарын жан-жақты талдап берді. Сонымен қатар, Л. Климовичтің ғылыми тұлғасы мен көзқарастары кеңінен қарастырылып, оның ориенталистика ғылымындағы орны нақты деректер негізінде ашып көрсетілді.

Студенттердің белсенді қатысуы, мазмұнды сұрақтары мен пікір алмасуы семинардың жоғары деңгейде өткендігін айқындады. Аталған ғылыми жиын білім алушылар үшін маңызды теориялық әрі практикалық маңызы бар, тағылымды кездесу ретінде есте қалды.