❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

«Болашақ тәрбиеші цифрлық ортада: жасанды интеллект және кәсіби даму» атты республикалық олимпиада өтті

  • 18.04.2026
  • KZ
  • 3809

image

2026 жылғы 17-18 сәуір күндері Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының арасында - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы тобы бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиада өтті.

«Болашақ тәрбиеші цифрлық ортада: жасанды интеллект және кәсіби даму» тақырыбында ұйымдастырылған олимпиадаға еліміздің әр өңірінен студенттер қатысып, кәсіби білімдері мен заманауи цифрлық құзыреттерін көрсетті.

Аталған білім бәйгесіне «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының 3-курс білім алушылары Р.А. Наврузова, Ұ.Е. Ескермес, А.А. Әбдімәлік, Ф.А. Зайырхожаева қатысып, жоғары деңгейде дайындықтарын көрсетті.

Студенттердің ғылыми жетекшілері - PhD, аға оқытушы Г.П. Мейрбекова және аға оқытушы Ж.С. Шалабаева. Білім мен біліктің сынға түскен дода қорытындысы бойынша команда командалық есепте Олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен  марапатталып, оқу орнының мерейін асқақтатты.