АЙМАҚТЫҚ СТУДЕНТТІК СПОРТ ЛИГАСЫ: БАЛУАНДАРЫМЫЗ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

  • 28.04.2024
  • KZ

image

Бүгін университетіміздің қабырғасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан ЖОО арасындағы «Студенттік спорт лигасы» оңтүстік аймақтық ойындарының кезекті жарыстары аяқталды.

Оқу орнымыздың спорт залында боз кілем төселіп, еркін күрес шеберлері өзара мықтыны анықтады. Спорт бәсекесіне жалпы 10 университеттен 80-ге жуық студент қатысты. 

Жарыс нәтижесінде, жалпы командалық есепте университетіміздің балуандары 1-орынды иеленді.

Ал 2-орын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне бұйырды.

Жеңімпаздар республикалық Студенттік спорт лигасының жолдамасын жеңіп алды.

Тұғырдың биігінен көрінген студенттерімізді құттықтаймыз!

Еске салайық, бұған дейін оқу орнымызда өтіп жатқан Студенттік спорт лигасында волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, баскетбол және үстел теннисі спорт түрлерінің жеңімпаздары анықталды.