❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

Ұлттық кітап күні: Теология факультетіне білім мен руханиятқа қосылған құнды үлес

  • 23.04.2026
  • KZ
  • 159

image

Ұлттық кітап күні: Теология факультетіне білім мен руханиятқа қосылған құнды үлес

Қазақстан Республикасында Ұлттық кітап күніне орай ерекше рухани іс-шара ұйымдастырылуда. Аталған мереке аясында білім мен ғылымға үлес қосып жүрген оқытушылар тарапынан кітап сыйлау дәстүрі жалғасын табуда.

Осы игі бастамаға орай Қарақалпақстан медицина институтының «Өзбек тілі, тілдер және әлеуметтік пәндер» кафедрасының доценті Пірниязова Турдыгүл Өмірзаққызы да өз үлесін қосуда. Ол академиялық мобильдік бағдарламасы аясында 2026 жылғы 20 сәуір – 3 мамыр аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне қызметтік іссапармен келіп, білім алушыларға дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар мен семинар-тренингтер өткізуде.

Бүгінгі мереке қарсаңында доцент Теология факультетінің кітапханасына және студент жастарға құнды кітаптарын сыйға тартып, оқу-ағарту ісіне қолдау білдірді. Бұл – жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды қадам.

Осындай игі шаралар білім мен мәдениеттің дамуына серпін беріп, халықаралық әріптестікті нығайта түсетіні сөзсіз.