❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

«Пайғамбар, сахаба және табиғин кезеңдеріндегі тафсирлер»

  • 22.04.2026
  • KZ
  • 1531

image
Теология факультеті Теология кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры Ж. Нұрматов «Пайғамбар, сахаба және табиғин кезеңдеріндегі тафсирлер» тақырыбында мазмұнды ашық сабақ өткізді. Сабақта тәпсір ғылымының алғашқы кезеңдері мен Құранды түсіндіру ерекшеліктері жан-жақты талданып, теория мен ғылыми пайым үйлесімді ұштастырылды.
Сонымен қатар, тәпсір мұрасындағы сабақтастық, риуаят пен ижтиһадтың арақатынасы, тәпсір мектептерінің қалыптасуы кеңінен қарастырылды. Студенттердің белсенді қатысуы мен қызығушылығы сабақтың жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.
Сабақ соңында оқу-әдістемелік комитет төрайымы Г. Шадинова мен профессор Д. Шахин өз пікірлерін білдіріп, ашық сабаққа жоғары баға берді. Осындай мазмұнды сабақ үшін Ж. Нұрматовқа алғыс білдіріп, кәсіби қызметіне табыс, ғылыми ізденісіне мол жетістік тілейміз.