❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«ХИКМЕТТЕРІМ БАРША ӘЛЕМГЕ ЖЫР-ДАСТАН»

  • 23.04.2026
  • KZ
  • 384

image

«ХИКМЕТТЕРІМ БАРША ӘЛЕМГЕ ЖЫР-ДАСТАН»
атты Ясауи хикметтерін жатқа айту сайысы өтті.

«Хикметтерім барша әлемге жыр-дастан...» - Түркістан төрінде Ясауи бабамыздың осы бір сырлы сөздері қайта жаңғырып, руханият пен ғылым тоғысқан айтулы шара өтті. 
2026 жылдың 23 сәуірінде Ахмет Ясауи университетінің қасиетті қара шаңырағында, С.Пірәлиев атындағы конференц-залында білім алушы жастар арасында хикметтерді жатқа айтудан өткен интеллектуалды білім сайысы нағыз тағылым мерекесіне айналды.
Ясауитану ғылыми-зерттеу институты мен Теология факультетінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткен бұл алқалы жиын баба мұрасын бүгінгі буынның санасына сіңіруді мақсат етті. Салтанатты шараның ашылуында университет ректорының өкілі, доктор, профессор Пеями Баттал мен Теология факультетінің деканы, профессор Сұлтанмұрат Абжалов сөз сөйлеп, жастарға бағыт-бағдар берді. Сайыс басталар алдында Ясауитану ҒЗИ директоры, PhD доктор Бауыржан Сайфунов қатысушыларды интеллектуалды білім сайысының ережесімен таныстырып, зияткерлік доданың талаптарын түсіндірді.
Сайыс барысында университет пен кәсіби колледжден жиналған 15 білім алушы хикметтерді жатқа айту және тестілеу кезеңдері бойынша бақ сынасты. Қатысушылардың білімін филос.ғ.д., профессор Досай Кенжетай бастаған білікті әділқазылар алқасы саралады. 
«Хикметтерім барша әлемге жыр дастан» атты Ясауи хикметтерін жатқа айту интеллектуалды білім сайысының әділ қазылар алқасының құрамы келесі сегіз адамнан құралды: Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы (Теология және философия ғылымдарының докторы, профессор, Ясауитанушы ғалым), Төлегенов Мұхит Жылқыайдарұлы (Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, Дінтану кафедрасының доценті, PhD доктор), Шәуенов Дидар Шауенұлы- (Теология кафедрасының меңгерушісі, доцент PhD доктор), Сайфунов Бауыржан Насырдинұлы (Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD доктор, доцент), Тілекеева Балайым (Дінтану кафедрасының аға оқытушысы, дінтану магистрі), Адиева Лаззат  (Теология факультеті, Сапа жөніндегі комиссия төрайымы, аға оқытушы дінтану магистрі), Қасымбеков Жүсіпбек Айдарбекұлы (Қожа Ахмет Ясауи атындағы имамдардың біліктілігін жетілдіру Ислам институтының директоры), Хавасханова Салихабану (Медицина факультетінің 4 курс студенті, Облыстық «Ясауитану» байқауының 2 дүркін бас жүлдегері, «Елбасы медалінің» иегері және «Орта Азияның үздік студенті»).
Сайыс қорытындысы бойынша төмендегі тізімде көрсетілген білім алушылар жүлделі орындар мен арнайы марапаттарға ие болды:
1-орын: Неметова Айдын (Стоматология факультетінің 2 курс студенті), 2-орын: Бабахан Кәусар (Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің 1 курс студенті) және Нартайқызы Ұлмира (Филология факультетінің 2 курс студенті), 3-орын: Сарманова Аяулым (Өнер, медиа және дизайн факультетінің 2 курс студенті), Мәулен Хасан (Теология факультетінің 3 курс студенті) және Қожай Алтынай (Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің 2 курс студенті). 
Лескенқызы Ұлбала (Филология факультетінің 3 курс студенті) және Абдилракимұлы Мухаммадамин арнайы номинация иегерлері атанды. Ал Нәрікбай Жасмин (Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің 2 курс студенті), Бекқожа Алина (Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің 2 курс студенті), Есетилла Жанелья (Филология факультетінің 2 курс студенті), Сатім Ұлдана (Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің 2 курс студенті) және Қажымұхан Назерке (Теология факультетінің 3 курс студенті) арнайы Алғыс хаттармен марапатталды. 
Ұстаздар салған сара жолды шәкірттері лайықты жалғап, Теология факультетінің түлектері – Біләл Халматов («Ахли Ислам» орталығының директоры) пен Рүстем Рахимов («Атлас туризм» компаниясының гиді) қатысушыларға демеушілік көрсетіп, қаржылай сыйлықтар табыстады.
Іс-шара соңында профессор Досай Тұрсынбайұлы мен Ислам институтының директоры Жүсіпбек Айдарбекұлы хикмет ілімінің адамзат үшін маңызына тоқталып, жас ізденушілерге ақ батасын берді.
Бұл күн - жай ғана білім жарысы емес, Түркістан төрінде Ясауи рухы асқақтаған, жастардың жүрегіне иман мен ілім ұялаған ерекше сәт ретінде тарихқа енді. Баба мұрасы - халықтың қазынасы, ал оны жадында сақтап жаттаған жастар - ұлттың ертеңі!