❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

ТҮРКІ ЖАСТАРЫ: ДОСТЫҚ ПЕН БІРЛІККЕ ТОЛЫ БАСҚОСУ ӨТТІ

  • 27.04.2026
  • KZ
  • 808

image

Университетіміздің түркі жастары жылдағы дәстүрге сай табиғат аясында басқосты.

 

Басты мақсат – түркі мемлекеттерінен келген жастардың өзара достығын нығайту, мәдени байланысын арттыру.

 

Айта кетейік, Қарнақ ауылында орналасқан арнайы демалыс аймағында өткен шараға 100-ден астам студент қатысты. Сондай-ақ, оқу ордамыздың оқытушылары да білімгерлермен бір арнада тоғысты. 

 

Студенттер таза ауада серуендеп, уақыт өткізді. Қатысушылар ән шырқап, түрлі ұлттық ойындар ойнады. Сонымен қатар, табиғат аясында дастархан жайды. 

 

Таза ауадағы бейресми кездесу студенттер мен оқытушылар арасындағы байланысты нығайта түсті.

 

Сондай-ақ, студенттер өз елдерінің салт-дәстүрі мен мәдениеті туралы ой бөлісті. Одан кейін жастар ұлттық әндерін орындап, баршасы би биледі. Бұл - бір-бірінің тарихына, мәдениеті мен дәстүріне сый-құрметпен қарайтын студенттердің бірлігі мен татулығын көрсетті. 

 

Осылайша, табиғат аясындағы демалыс жастардың өзара қарым-қатынасын жақсартып қана қоймай, түрлі елден келген студенттердің мәдени байланысын тереңдетуге де үлкен мүмкіндік берді.