«БАУЫРЛАСПЕН БІРГЕМІЗ» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

  • 02.05.2024
  • KZ

image

Бүгін университетімізде Түркі тілдес елдердің студенттері Қазақстанның су басқан өңірлеріне қолдау ретінде – «Бауырласпен біргеміз» атты қайырымдылық шарасын өткізді. 

Айта кетейік, біршама уақыт бұрын еліміздің 10 облысында  көктемгі су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланған болатын. Зардап шеккен тұрғындарға мемлекет пен халық, еріктілер және бауырлас мемлекеттер тарапынан гуманитарлық көмек көрсетілуде.   

Жиында алғашқы сөз тізгінін алған университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова: 

«Бүгінгі шара барлығымыз үшін ерекше деп ойлаймын. Себебі, нағыз достық пен бауырмалдықтың белгісі тек жақсы күндерде ғана емес, сондай-ақ қиын қыстау заманда бір-біріне қолдау көрсету арқылы танылады. Осы орайда, университетімізде осы мәдениетті бойына сіңіріп, бүгінгідей шараны ұйымдастырған барша жанға алғысымызды білдіреміз! Сіздер өте маңызды жұмыс атқардыңыздар.   

Қайырымдылық шарасынан түскен барлық қаражат Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен өңірлеріне жіберіледі. Біздің оқу орда, су тасқыны хабарын алған сәттен бастап көмек көрсетуді тоқтатқан емес. Әріптестеріміз бен түркі тілдес бауырларымыз, студенттеріміз өз көмектерін беруде. Қайырымдылық акциясы аясында арнайы қойылым да сахналанып, одан түскен қаржы мен Өкілетті кеңес қолдауымен берілген барлық қаржы Атырау қаласында үлкен дамбы салуға көмек ретінде жіберілді. Алғашқылардың бірі болып, қол ұшын созған университетімізге Атырау қаласы үлкен алғысын білдірді»,- деді. 

Бұл іс-шара – түркі әлемінен келген студенттердің көрсеткен көмегі мен қолдауы, ынтымақтастығының керемет көрінісі болғанын атап өтті. Ректор сөз соңында: «Түркі әлемінің жастары мың жасасын!»»,- деп, ақ тілегін арнады. 

Келесі кезекте, Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Нурсой да көпке үлгі болып, бауырмалдық пен достық жанашырлықтың үлгісін танытқан жастарға ризашылығын білдірді.

Бұдан әрі түркі тілдес елдердің студенттері бағдарлама бойынша көпшілік алдында өнерлерін паш етті.