Ұлты қазақ шетел азаматтарына кәсіби бағдар беру жұмысы
2026 жыл 12-19 сәуір аралығында Моңғолияның Баян-Өлгей және Ховд аймақтарындағы 12 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмыстары жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты ұлты қазақ мектеп түлектеріне Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының дайындық бөлімдерінде білім алу мүмкіндіктерін кеңінен таныстыру, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру және жан-жақты ақпараттық қолдау көрсету. Кездесу барысында оқушыларға университетіміздің оқу мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы толық мәлімет беріліп, барлық сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылды. Спикерлер: Жалпы пәндер бөлім басшысы Алимбекова Лаззат Тасқызы., ҚГФ-1 тобының тыңдаушысы Асан Ақмарал.