ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ



Бүгін Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде «Ежелгі және ортағасырлық Отырар қалашығы» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырылды. Семинарды «Тарих» кафедрасының оқытушысы Алмазұлы Шыназ жүргізді. Іс-шара барысында қатысушыларға Отырар қалашығының бай тарихи мұрасы, оның қалыптасу кезеңдері мен дамуы туралы жан-жақты мәлімет ұсынылды. Сонымен қатар, семинар аясында Отырар қаласының зерттелу тарихы, археологиялық қазба жұмыстарының кезеңдері және қазіргі таңда жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер кеңінен талқыланды. Баяндамашы археологиялық деректер негізінде қаланың ортағасырлық кезеңдегі мәдени және діни өміріне ерекше тоқталды. Аталған семинар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын «Қазақстанға ислам дінінің енуін және таралуын археологиялық және жазба деректер негізінде зерттеу» (BR28713129) ғылыми бағдарламасы аясында жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелеріне негізделді.
Іс-шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, ғылыми талқылауға белсенді қатысты.