❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

Теология факультеті оқытушылары имамдардың біліктілігін арттыру ісіне үлес қосты

  • 25.04.2026
  • KZ
  • 137

image

Теология факультеті оқытушылары имамдардың біліктілігін арттыру ісіне үлес қосты

Факультетіміздің профессор-оқытушылар құрамы «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты» алғашқы түлектеріне куәлік табыстау салтанатты рәсіміне қатысты.

Аталған білім ордасында факультетіміздің білікті оқытушылары дәріс беріп, имамдардың кәсіби әрі рухани білімін жетілдіруге сүбелі үлес қосты. Атап айтқанда, PhD., Төлегенов Мұхит, PhD., Сайфунов Бауыржан және PhD., доцент Нурматов Жахангир аталған орталықта дәріс жүргізіп, бітіруші имамдардың сапалы білім алуына тікелей ықпал етті.

Бұл – Теология факультетінің діни кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмысының айқын көрінісі.