«Түркі мәдениеті және тілдері – 2026» апталығы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Филология факультеті, Түрік филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында өткен «Түркі мәдениеті және тілдері – 2026» апталығы жоғары деңгейде табысты өтті. Аталған іс-шара студенттер мен оқытушылардың ғылыми-танымдық белсенділігін арттырып, түркі әлемінің рухани және мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталды.
2026 жылғы 20 сәуір күні апталықтың салтанатты ашылуы өтіп, мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Сол күні PhD Жұмағали Ибрагимовтың «Көне түркі тілі және қазақ диалектілері сөздік қорының тарихи сабақтастығы» атты монографиясының тұсаукесері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Түркі өркениеті: тіл, мәдениет және рухани құндылықтар» тақырыбындағы ғылыми семинар өткізіліп, отандық және шетелдік ғалымдар өз баяндамаларын жасады.
2026 жылғы 21 сәуірде «Түркі мәдениеті және мұрасы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтіп, студенттердің ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы артты.
2026 жылғы 23 сәуірде республикалық пәндік олимпиаданың бірінші кезеңі – ғылыми жобаларды қорғау ұйымдастырылды. Сол күні қатысушылар үшін Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне экскурсия жасалып, тарихи-мәдени орындармен танысуға мүмкіндік берілді.
2026 жылғы 24 сәуірде олимпиаданың екінші кезеңі – теориялық және практикалық тапсырмалар бойынша сайыс өтті. Апталық қорытындысында түркі халықтарының ұлттық тағамдары мен дәстүрлі ойын-сауықтары ұсынылып, іс-шара ерекше мазмұнда аяқталды.
Жалпы, 20–24 сәуір аралығында өткен «Түркі мәдениеті және тілдері – 2026» апталығы ғылым мен мәдениетті ұштастырған, мазмұнды әрі тағылымы мол іс-шара ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.