❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Теология факультетінде мазмұнды ғылыми семинар өтті

  • 28.04.2026
  • KZ
  • 383

image

Теология факультетінде мазмұнды ғылыми семинар өтті

Факультетіміздің профессоры Давуд Шахин студенттерге «Erken dönem tefsir faaliyeti – sahabe ve tâбиûn tefsirine örnekler» (Ерте кезеңдегі тәпсір қызметі – сахабалар мен табиғиндердің тәпсіріне мысалдар) тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Семинар барысында ерте кезеңдегі тәпсір ғылымының қалыптасу ерекшеліктері, сахабалар мен табиғиндердің Құранды түсіндірудегі әдістері нақты мысалдармен жан-жақты талданды. Ғылыми мазмұны терең бұл жиында студенттер белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, сұрақ-жауап арқылы білімдерін толықтырды.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар үшін танымдық әрі тағылымдық мәнге ие болды.

Семинар соңында Теология кафедрасының меңгерушісі, PhD., Дидар Шауенов сөз алып, өткізілген ғылыми жиынның маңыздылығын атап өтіп, оның жоғары деңгейде өткендігін ерекше атап өтті.

Осындай мазмұнды ғылыми іс-шаралар студенттердің кәсіби әрі ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.