❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«Күлтөбе CUP» республикалық зияткерлік сайысында факультетіміз жүлделі ІІІ орынды иеленді

  • 28.04.2026
  • KZ
  • 376

image

«Күлтөбе CUP» республикалық зияткерлік сайысында факультетіміз жүлделі ІІІ орынды иеленді

Бүгін қаламызда Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Күлтөбе CUP» республикалық зияткерлік сайысы өтті. Сайысқа еліміздің барлық аймақтарынан 20 команда қатысып, үш кезең бойынша өзара бақ сынасты.

Факультетімізден PhD Төлегенов Мұхит, PhD Жаныкулов Нұрлыбек және білім алушылар Мәулен Хасан мен Төрехан Жайдарбек қатысып, ақтық сынға дейін жетті. Финалдық кезеңде өздерінің білім-білігі мен ой ұшқырлығын дәлелдеп, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.

Білім жарысының басты мақсаты – жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту, азаматтық белсенділігін арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау. Сұрақтар Қазақстан тарихы, Қожа Ахмет Ясауи мұрасы, қазақ әдебиеті кейіпкерлері, салт-дәстүрлер, спорт, дін саласына қатысты мемлекеттік заңнамаларға қатысты қойылды.

Мұндай зияткерлік сайыстарының жастардың әдебиет пен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді тереңірек танып-білуге септігін тигізері анық. Сондай-ақ, еңбекқорлық, адалдық сияқты құндылықтарды дамытып, тарихи мұраларымызға құрмет сезімін көркейту үшін де осындай шаралардың маңызы зор.

Ұстаздарымыз бен білімгерлерімізді жарқын жеңісімен құттықтап, табыс пен сәттілік тілейміз!