УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

  • 14.05.2024
  • KZ

image

Бүгін оқу орнымыздың басшылығы Азия чемпионатының жүлдегерлері – студенттеріміз Шұғыла Нәлібай мен Ерасыл Таңқайды арнайы қабылдады.

Кездесуге Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек, университет ректоры Жанар Темірбекова, әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев, Спорт-сауықтыру орталығының басшысы Еркебұлан Балғабаев қатысты.

Мухиттин Шимшек шәкірттеріміздің Азия шыңын бағындырғанына қуанышты екендігін жеткізді.

«Сіздерді біз өз баламыздай көреміз. Сіздердің мұндай жетістікке жеткендеріңіз – біздің мақтанышымыз. Біздің ғана емес, еліңіздің және түркі әлемінің мақтанышысыздар. Әлі алар асуларыңыздың мол екендігіне сенемін. Көк байрақты көкте желбіретер күндеріңіздің көп болуына тілекшімін», - деп ыстық ықыласын білдірді.

Ректор Жанар Темірбекова да жүлдегерлерімізді құттықтап, әлемдік аренада жеңімпаз болуларына тілектестік білдірді.

Университет басшылығы спортшы студенттерімізге ақшалай сыйлық және өзге де сый-сияпат табыс етті.

Еске салайық, бокстан 27 сәуір-7 мамыр күндері аралығында Астанада өткен 22 жасқа дейінгі жастар санаты бойынша Азия чемпионатында студенттеріміз Шұғыла Нәлібай мен Ерасыл Таңқай ақтық сынға дейін жетті. Финалдық бәсеке қорытындысы бойынша, Шұғыла жарыс жеңімпазы атанса, Ерасыл күміс жүлдені иеленді.