❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Түлектермен маңызды кездесу өтті

  • 28.04.2026
  • KZ
  • 401

image

Түлектермен маңызды кездесу өтті

Бүгін Теология факультетінде бітіруші курс студенттерімен мазмұнды әрі маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Павлодар облысының дін істері басқармасының басшысы Байбакиров Нұрлан Жұмабекович және «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының» директоры Алимханов Дастан Серікович арнайы келіп қатысты.

Факультет деканы Сұлтанмұрат Абжалов өз сөзінде қонақтардың келуінің маңыздылығын атап өтіп, бітіруші түлектерге мамандықты аяқтағаннан кейін дін саласында кәсіби қызмет атқарудың маңызын түсіндірді.

Кездесу барысында жұмыс берушілер Павлодар өңіріндегі жұмыс мүмкіндіктері, қызметтің ерекшеліктері мен жас мамандарға ұсынылатын жағдайлар туралы жан-жақты ақпарат берді.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты. Кездесу болашақ мамандар үшін бағыт-бағдар беретін, тәжірибелік тұрғыдан пайдалы әрі мазмұнды өтті.

Осындай кездесулер түлектердің кәсіби жолын айқындап, еңбек нарығына сенімді қадам жасауына үлкен мүмкіндік береді.