УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «МАМАНДЫҒЫМ-БОЛАШАҒЫМ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

  • 15.05.2024
  • KZ

image

 Университетімізде Түркістан облысы бойынша «Мамандығым – болашағым» атты өңірлік жобалық кеңсесінің ашылу салтанаты өтті

«Мамандығым – Болашағым» жобасы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданған «Халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – аймақтың еңбек нарығындағы өзгерістерін болжау және оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру.

Кеңсенің тұсаукесеріне Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек онлайн қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова бастаған басшылық құрам, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, «Мамандығым-болашағым» бағдарламасы жобалар тобының жетекшісі Олжас Сәкенов, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы жобалық кеңсесінің өкілдері және оқу ордамыздың оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Жиында онлайн байланысқа шығыпсөз бастаған ҚРҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім беру жүйесін кадрлық қажеттіліктерге неғұрлым нақты бағдарлау мақсатында форсайт-зерттеулер жүргізудіңкадрларға өңірлік қажеттілік карталарын әзірлеудің маңыздылығын атап өттіСондай-ақ,  кадрларды даярлаудың өңірлік жүйесін жергілікті сұраныспен байланыстыру, университетте ғылымды дамыту, жастарды ғылымға тарту, жоғары білім беруді интернационалдандыру және цифрлық экожүйені қалыптастыру қажеттілігіне тоқталды. Жобаның бүгінге дейінгі  негізгі көрсеткіштерін жіктеп атады.

Ал, университет ректоры Жанар Темірбекова: «Бұл жоба, негізінен, соңғы уақытта күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналды. Заман тез өзгеретін уақытта, нарыққа бейімделе алатын кадр әзірлеу мен бұл тұрғыда алдын ала сараптау жүргізудің маңызы зор. Осыған байланысты бүгін –  «Мамандығым-болашағым» жобасын іске асыру аясында, Түркістан облысы бойынша өңірлік жобалық кеңсесі мен Ясауи университетінің қызметкерлері 5 күн бойы интенсивті режимде форсайттық зерттеу әдістемесін оқыту семинарын бастаймыз. Аталған жобаға қатысты біздің әріптестеріміз былтырдан бері жұмыс жасады. Жұмыстар Ғылым және жоғары білім министрлігінің үнемі назарында. Әріптестеріміз Астана мен Алматы қалаларында түрлі оқыту семинарларына кеңінен қатысты. Ендігі кезекте, екінші кезеңге – өңірлік жобалық кеңсені құруға, өз командамызды қалыптастыру кезеңіне жеттік. Бұл барлығымыз үшін аса маңызды. Себебі, Түркістан облысының негізгі кадрларын даярлайтын өңірлік орталық –  Ахмет Ясауи университеті»,-деді. 

Келесі кезекте, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жобаның берері мен маңызы туралы кеңінен баяндады.

«Құрметті семинарға қатысушылар, қадірлі қонақтар! Түркістан облысында елдің болашағы үшін маңызды жиынды өткізіп жатқандарыңыз үшін қуаныштымыз! Осы себепті облыс әкімдігі мен университет атынан сіздерге шынайы алғысымызды жеткізгіміз келеді.  Бұл мәселе біздің өңіріміз үшін өте өзекті. «Мамандығым-болашағым» жобасы бойынша арнайы жол картасы әзірленіп, облыс әкімдігінің бекітуімен 2022 жылдан бері іске асырылуда»,-деді Бейсен Тәжібаев. 

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Түркістан облысындағы кадр тапшылығы басым салалар туралы айтты. Қоғамның кез-келген экономикалық саласынан бастап, әлеуметтік, рухани-мәдени салаларына үлкен серпін беретін жастарды дұрыс мамандықтарға, іске бағыттаудың маңызы жайлы тілге тиек етті.

 «Мамандығым-болашағым» бағдарламасы жобалар тобының жетекшісі Олжас Сәкенов аталмыш жобаның мақсаты мен маңызын саралады. Көптің көкейіндегі жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, «Мамандығым-болашағым» жобасы шеңберінде университет қызметкерлері 5 күн бойы интенсивті режимде форсайттық зерттеу әдістемесі бойынша сертификаттау курсынан өтеді. Тренинг нәтижелері бойынша курс түлектері өңірлік жобалық кеңсе командасын құрып, Түркістан облысының кадрлар қажеттілігінің өңірлік картасын жасауға бағытталған аймақтағы негізгі сала мамандарының қатысуымен форсайттық зерттеулер жүргізеді.