БАЛУАНДАРЫМЫЗ АЗИЯ ЖӘНЕ ОКЕАНИЯ  ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

  • 16.05.2024
  • KZ

image

Университетіміздің спортшылары 13-17 мамыр күндері Маңғыстауда спорттық және жауынгерлік самбодан кадеттер, жасөспірімдер, жастар және шеберлер арасында өткен Азия және Океания чемпионатында жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, спорттық сайысқа  25 мемлекеттен 500-ге жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынасты. 

Додада оқу ордамыздың спортшылары Еркебұлан Ахатов 58 кг салмақ дәрежесінде, ал Ақбота Қыдыралі 72 кг, Асемай Рустемова 65 кг, Ұлболсын Адилова 80 кг салмақта 1-орынды жеңіп алды. Алмас Темірбай 98 кг салмақ дәрежесінде 2-орынды қанжығасына байлады. Адина Абақова 72 кг дәрежеде 3-орынды иемденді. 

Балуандарды чемпионатқа дайындаған –  Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушылары Абдісадық Халиллаев пен Мұхтар Бугенбаев және Жақыпбек Қысымбеков.

Оқу ордамыздың ғана емес, еліміздің атын асқақтатқан спортшыларымыз бен жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз!