«КІНӘСІЗДІК ПРЕЗУМПЦИЯСЫ» АТТЫ КАСКАДТЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ

  • 17.05.2024
  • KZ

image

Бүгін университетімізде Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының қабылданғанына 75 жыл толуына және Қазақстанның Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауына 30 жыл толуына орай, Экономика, басқару және құқық факультетінің ұйымдастыруымен «Кінәсіздік презумпциясы» атты каскадтық тренинг өтті.

Ғылыми конференцияға заң саласының мамандары мен факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы, магистранттар мен докторанттар және студенттері қатысты. 

Тренингтің мақсаты – Адам құқықтары мен бостандықтары аясында кінәсіздік презумпциясын қамтамасыз ету түсінігі, тәжірибесі және әдістері бойынша білімді жаңарту және қатысушыларды кінәсіздік презумпциясын қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесімен таныстыру. Сондай-ақ, соттар кінәсіздік презумпциясын сақтау мақсатында қылмыстық істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған кезде сот отырыстарына мониторинг жүргізу кезінде анықталған істерді талдау және осы арқылы кінәсіздік презумпциясын жүзеге асыруда проблемалардың алдын алу.

Іс-шараға Арыс аудандық сотының төрағасы Сапархан Умаров, Алматы қалалық сотының судьясы Светлана Яковлева, Адам құқықтары жөніндегі өкілдіктің Түркістан облысы бойынша төрағасы Наталья Қожабекова, заң ғылымдарының кандидаты, «Қадір-Қасиет» қоғамдық бірлестігің директоры Анара Ибраева қатысып, баяндамалар оқыды.

Жиын барысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде кінәсіздік презумпциясын сақтау, Адам құқықтары мен бостандықтары туралы түсінік, Адам құқықтарының каталогы, Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттары, механизмдері мен процедуралары сынды т.б маңызды тақыптар қозғалды.

Тренинг соңында қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты. Адам құқығы жөнінде тың тақырыптар қозғаған эксперттер мен оқытушы-профессорларға ризашылықтарын жеткізді.