Цифрлық дәуірдегі түркологияның өзекті мәселелері(Қазақстан және Өзбекстан тәжірибесі)
2026 жылғы 29 сәуір күні Филология факультеті, Түрік филологиясы кафедрасының меңгерушісі Сенбек Утебековтің ұйымдастыруымен «Цифрлық дәуірдегі түркологияның өзекті мәселелері (Қазақстан және Өзбекстан тәжірибесі)» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынды модерациялаған – Жиенбаев Ерлан.
Іс-шара барысында Қазақстан және Өзбекстандағы қолжазбаларды сақтау, оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрландыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қолжазба мұраларын заманауи технологиялар арқылы зерттеу, жүйелеу және ғылыми айналымға енгізу бағытындағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстелге Өзбекстандағы Әлішер Науаи атындағы Мемлекеттік университеттің оқытушылары — филология ғылымдарының докторы, профессор Хамроева Орзигүл Жалоловна, PhD, доцент Озода Тожибоева Тохировна, PhD, доцент Шукурова Зилола Юсуфовна, PhD, доцент Гүлрух Худойорова және кафедраның оқытушылары Адильбекова Эльмира, Өмірбаев Ержан, Молдашева Мадина қатысып, тақырып аясында өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу барысында түркология ғылымындағы өзекті бағыттар айқындалып, екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары қарастырылды.